
Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлеріне тыныштықты бұзудың 26 қоңырауы келіп түсті. 13 жағдайда көршілер шу шығарды. Түнгі сағат 4-тер шамасында бір топ адам қатты шулап, ұйқыда жатқан Интернациональная көшесіндегі үйдің тұрғындарының тыныштығын бұзған. Учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына келіп, мас күйде болған 3 ер адамды ұстады. Профилактикалық әңгіме жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
«Бөкетов көшесіндегі пәтерлердің бірінде жалдамалы пәтер тұрғындары шу шығарды,– дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. – Полицейлер пәтер бюроларының клиенттерді қоныстандыру алдында келісімге қол қоятынын еске салады. Тыныштықты бұзу – жалға алынған үйді босатуға негіз болады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес «тыныштықты бұзу» сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, оның ішінде жеке тұлғалардың қалыпты демалуы мен тыныштығына кедергі келтіретін шұғыл қажеттілікпен байланысты емес шуылмен сүйемелденетін тұрғын үйде және одан тыс жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің тыныштықты бұзуы жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері таңғы 23-тен 10-ға дейін болып табылады.
Жыл басынан Петропавлда тыныштықты бұзғаны үшін 2 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды.