Тәжікстан азаматы көші-қон қызметінің қызметкеріне алғысын білдірді

Тәжікстан азаматы көші-қон қызметінің қызметкеріне алғысын білдірді

Тәжікстан елінің 29 жастағы тұрғыны СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың атына хат жазып, көші-қон қызметкеріне алғысын білдірді. Желтоқсанның 6-сы мен 12-сі аралығында полиция қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құрылыс алаңдарының орындарын тексерді. Олардың бірінде Тәжікстан азаматтары қызмет атқарды. Белгілі болғандай, олар Қазақстанның шекарасын мамыр айында кесіп өткен екен. Олардың көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдады, бұл ретте көші-қон қызметкерлері, олардың туындаған проблемасына бей-жай қарамады. Полиция лейтенанты Сабина Асқапова шетелдіктерге жұмыс берушілермен ақы төлеуге байланысты туындаған дауды шешуге көмектесті.

«Сабина көші-қон қызметінде қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастады, осы қысқа мерзімде ол өзін жақсы жағынан көрсете білді, - дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нұсырбаев. – СҚО Полиция департаментінде ол өткен жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Оның ең негізгі ұстанатын қағидасы – адамды қиыншылықьа қалдырмау».