
СҚО-ның табиғатты қорғау полицейлері «Шырша» акциясы шеңберінде жұмыс істеуде. Міндеті – мерекелік күндер қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлерден қорғау. Шырша саудалау орындары ерекше назарға алынды. Кәсіпкерлердің тауардың жеткізілген жерін растайтын құжаттары және саудаланып жатқан аумақтағы сауда нүктелерінің әкімшілігімен шарты тексеріледі.
Мереке алдында полиция қызметкерлері орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің өкілдерімен бірлесіп қылқан жапырақты ағаштардың заңсыз кесілуін болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандырды. Орман шаруашылығының қызметкерлері қылқан жапырақтыларды қорғау үшін бекеттер қойып, полицейлермен ұдайы байланыста болады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шырша тасымалдайтын жүргізушілердің құжаттарын тексереді.
Табиғатты қоғау полициясының қызметкерлері қарағай мен шырша ағаштарын кесу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін естеріңізге салады.