
СҚО Қызылжар ауданының аумағында жолда ерекше көмек көрсетілген. Ол жайында Instagram әлеуметтік желі қолданушысы танымал петропавлдық пабликтердің бірінде жазған.
«Балаларыммен Вознесеновка ауылына бардым, - дейді ол. – Кейін қайтар жолда орманның маңына тоқтап, суретке түсіп, таза ауамен демалмақшы болдық. Демалып көлікке келсек, кілт жоқ! Ұзақ іздедік, 40 минуттай, балалар (5 және 10 жас) әбден жаурады. Бір жүргізуші болсын тоқтасайшы! Көлігімнің есіктері ашық тұрғанымен, ешкім тоқтап, анасы балаларымен неге тоқтап тұр деп сұрамады»
Бір уақытта машина тоқтап, ішінен ер адам шықты, ол Куйбышев ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Александр Данилов болды. Инспектор біздің ізімізбен орманға барып, кілтімізді тауып, зор көмегін көрсетті. Осындай қызметкерлері үшін Қызылжар ауданы ПБ жергілікті полиция бөлімшесіне зор алғысымды білдіргім келеді».
Бұл оқиға өткен жексенбі күні орын алды. Қалың қардың астынан кілтті іздеп табу қиынға соқты, эвакуатор шақыртып, оны тосуға тура келеді деп ойладым, абырой болғанда кілт табыла кетті деп есіне алады полиция капитаны Данилов.
Ал өткен аптада жүк көлігінің жүргізушісі желідегі оқырмандарына «Смирново — Қиялы» автожолында соляркасының қатып қалғаны жайында жазған. «СҚО МКҚБ қызметкері полиция сержанты Асхат Оспановқа алғыс білдіргім келеді, - дейді ер адам. Қиын сәтте мені далада аязда қалдырмады. Ол өз көлігіне отырғызып, жолдағы жүргізушілерден қыздыратын лампа сұрап алып, менің көлігімді жылытып, от алдыруға көмектесті».
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев атап кеткендей, адамдарға көмек көрсету – полицейлердің міндеті. Сонымен қатар, жақсы атқарған жұмыстары үшін алған алғыстары қызметтерін одан әрі құлшыныспен атқаруға итермелейді.