
СҚО полицияда 70 астам Тәуелсіздіктің құрдастары қызмет етеді. Бүгінгі таңда бұл ұрпақ қызметте алғашқы шыңдарын бағындырған, кәсіби қалыптасқан мамандар, офицерлер. Көбінің спортта жеткен жеңістері бар.
Татьяна Долбышева — солтүстікқазақстандық полицияның үздік спортшыларының бірі. Конькиден әлем чемпионаттары мен Азия ойындарының қатысушысы, студенттер арасындағы әлем чемпионатында күміс пен қола медальге қол жеткізген, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, СҚО құрметті азаматы. Ең жоғары жеткен жетістігі 2009 жылы Солт-Лейк-сити-дегі (АҚШ) жеңісін айтады, онда қазақстандық команда жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатқан болатын. Айта кететін болсақ, бұл рекорд – 3 минут 3 секунд ішінде жасалған 6 айналым, тек өткен жылы ғана жаңартылды.
Бала кезінен қызығушылығы басталған, хоккеймен шұғылданған әкесі мен ағасы оған коньки тебуді үйреткен. «Коньки үлкен болғандықтан, пимаға тағуға тура келді, — дейді жымия еске алған облыстық Полиция департаменті аппаратының қызметкері полиция аға лейтенанты Долбышева. — Мұз үстінде аяққа нық тұрған соң, оның бетімен сырғанай бастағанымды сездім... өмірге деген көзқарасым өзгерді». 8-сыныпта спорт шеберіне үміткер, 9-сыныпта шебер атағын алған, 11-сыныпта халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.
Бар зейіні қызмет пен отбасында асыға күтіп отыратын сүйікті жары мен екі жасар ұлына арналғандықтан, спортқа көңіл бөлуге уақыты болмай жатады. Дегенмен, Татьяна бүгінгі күнге дейін мүмкіндік бола қалса жарыстардан шет қалмайды. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың айтуынша, облыстық полиция ведомствосының басшылығы қызметкерлердің спортқа деген құлшынысын әрқашан қолдайды, өйткені қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтайтын полицейлердің тиімді жұмысына қажетті қасиеттерді, яғни денені ширақ ұстауға, салауатты өмір салтын ұстанып, командалық рухты қалыптастыруға септігін тигізеді.