СҚО-да сертификатталмаған пиротехникалар сатуды анықтау бойынша мобильдік топтар құрылды

СҚО-да сертификатталмаған пиротехникалар сатуды анықтау бойынша мобильдік топтар құрылды

Отшашулар, шартылдақтар, петардалар – жаңа жылдық мерекелер қарсаңында солтүстікқазақстандық полицейлер мен құтқарушылар жазатайым оқиғаларды және өртті ескерту бойынша жұмысты жандандырды. Облыстың тәртіп сақшылары желтоқсанның 15-нен «Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Мақсаты – пиротехникалық заттарды заңсыз сату фактілерін анықтау және сатылуына жол бермеу. Сертификатталмаған пиротехникалар сататын орындарға кенеттен рейдтер жүргізетін мобильдік топтар құрылды.

Петропавл қаласында сертификатталған өнім екі сауда орнында Кәрім Сүтішев және Жұмабаев көшелеріндегі сауда үйлерінің маңындағы павильондарда сатылады. Басқа сертификатталмаған өнімдерді сатуы мүмкін орындар рейдік топтармен тексерілетін болады.

«Ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларды қадағалап, жасөспірімдердің пиротехникалық өнімдерді өздігінен пайдалану фактілеріне жол бермеулерін сұраймыз. Мұндай өнімдерді тек ересектерге ғана нұсқаулықтар мен барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отыра, пайдалануға болады», - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы қаңтардың ортасына дейін жалғасады.