СҚО полицейлері жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтті

СҚО полицейлері жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтті

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру – СҚО полицейлері мереке алдында «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізе отыра, алдарына осындай мақсат қойды. Белгіленбеген жерден жолды кесіп немесе бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өте отыра адамдар өз өмірі мен денсаулығын тәуекелге байлап, апатты жағдайдың туындауына себеп болады. ЖПІШ өткен екі күнде полицейлер осындай 248 бұзушылықты анықтады. Барлық құқық бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Капюшон мен смартфонға қосылған құлаққап көшеден өткен кезде жан-жақты байқап, бағдарлауға кедергі келтіреді. Бұл әсіресе, қысқы жолдарда қауіпті, өйткені көлік құралдарын тежеу кезінде қиындықтар туындайды. Жүргізушінің қолындағы телефон қозғалыс қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізетін тағы бір фактор болып табылады. Көлік жүргізген кезде оларды қолдануға тыйым салынған, алайда екі күн ішінде полицейлер аталған талаптарды елемеген 46 жүргізуші анықтады.

«Сонымен қатар, қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген 13 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Бұл аса қауіпті бұзушылық. Сондай-ақ ЖПІШ барысында 8 мас жүргізуші, жылдамдық режимін бұзған 37 жүргізуші және бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен 15 көлік иесі жауапкершілікке тартылды. Барлық жол қозғалысының қатысушыларынан Жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң ұстануды сұраймыз».