
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Петропавлдағы «Динамо» стадионында волейболдан турнир өтті. Алаңда жиналған жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері мен полицейлерден құралған 8 команда бақ сынасты. Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
«Өткізілген іс-шараның басты мақсаты – спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Данияров. – Күзет ұйымдарымен өзара іс-қимыл құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі жұмыстың нәтижелеріне септігін тигізеді. Бұдан бөлек, мұндай іс-шаралар ұжымда бірігіп және сенімді әрекет етуді күшейтеді.