СҚО полицейлері ішімдік ішкен фура жүргізушісін жауапқа тартты

СҚО полицейлері ішімдік ішкен фура жүргізушісін жауапқа тартты

Сағат 22:15 шамасында «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 87 шақырымында СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолдың жиегінде «Daimler Chrysler» фурасының тұрғанын байқайды. Тәртіп сақшылары жүргізуші мен оны ауыстыратын адамнан тұру себебін сұрау үшін тоқтаған. Жүргізушілер дем алу үшін тоқтағандарын, жолға әзір шықпайтындары жайлы айтқан. Бірақ полицейлер бұрыла сала, ауыр жүк көлігі орнынан қозғала жөнелген. Полицейлер тексеріс үшін машинаны тоқтатқан. Рөлде отырған Қостанай қаласының тұрғынынан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды. Қазіргі уақытта соттық шешімімен жүргізуші 15 тәуілкке қамауға алынды. Алдағы 7 жылда оған көлік жүргізуге тыйым салынды. Ауыр жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды.

«Қазіргі уақытта облыста «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. — Жұмыстың маңызды бағыты жол қауіпсіздігін нығайту болып табылады. Іс-шараның 6 күні ішінде облыс полицейлері 31 мас жүргізушіні ұстады, оның 6-уы қала сыртындағы жолда тоқтатылды. Сонымен қатар, облыстық ППБ қызметкерлері жылдамдық режимін бұзудың 104 фактісін анықтады. Қысқы жолда, әсіресе көлікті тежеу қиындай түсетін қолайсыз ауа райында жылдамдықты арттыру аса қауіпті екендігін еске саламыз. Барлық жүргізушілерді сақтық танытуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз».

ЖПІШ басталғалы бері облыс полицейлері барлығы 1,5 мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның әр бесіншісі ЖҚЕ бұзу болып табылады.