Тәуелсіздік күні қарсаңында СҚО полицейлері волейбол алаңында үздіктерді анықтады

Тәуелсіздік күні қарсаңында СҚО полицейлері волейбол алаңында үздіктерді анықтады

Солтүстікқазақстандық полицейлер спорттық іс-шараны мемлекеттік басты мерекеге арнады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында облыстық тәртіп сақшылары «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамымен бірлесіп волейболдан турнир өткізді. Департамент басқармаларынан жарыста он команда бақ сынады. Үшінші орынды Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері иеленсе, екінші орынды қалалық патрульдік полиция батальоны қанжығасына байлады. ППБ қызмет инспекторы Ақылбек Жүсіповтің қосқан үлесі зор деуге болады, ол турнирдің үздік ойыншысы деп танылды. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері турнир жеңімпазы атанды. Турнирге қатысқандардың барлығына кубоктар, грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Осындай іс-шараны әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері де өткізді. Қызметтен бос жеке құрамды жұмылдырып, төрт команда жасақтады, олар да «Динамо» ДШСҚ алаңында ойын көрсетті. Спорттық мереке еліміздегі маңызды оқиға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылды. СҚО ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов жүлделерді табыстай отыра, спорт – бұл күш, бірлік пен салауатты өмір салты екендігін атап өтті. Жақсы дене шынықтыру даярлығы мен команданы сезіне білу – заманауи полицейдің бойынан табылуға тиіс қасиет, сондықтан тәртіп сақшылары үшін спортпен шұғылдану аса маңызды болып табылады.