
Тайынша ауданының бір тұрғының 42 бас қойы жоғалған. Оның айтуынша, ол малдарын кешке қораға қамаған, ертесіне таба алмаған. Өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған. Отардың иесі Тайынша ауданының полиция бөліміне жүгінген. Полицейлер мобильді топтарға бөлініп, іздеуге кіріскен. Бір мезгілде жақын аудандарға бағдарлар таратылған. Нәтижесінде, сағат 12 шамасында Петровка ауылының маңындағы «Көкшетау-Омбы» автожолында полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жоғалған малдарды тауып алған. Мән-жайды анықтау барысында сол жоғалған қойлар екені белгілі болды. Жануарлар иесіне қайтарылды.
«Адамдарға көмек көрсету – учаскелік полиция инспекторларының міндеттерінің бірі, - дейді Тайынша ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Арғын Аманбаев. – Ауыл тұрғындарынан малды қараусыз қалдырмай, өз мүліктерін сақтау бойынша өздігінен барлық қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз. Сондай-ақ, мал ұрлығы фактісі орын алған жағдайда, «102» нөміріне дереу қоңырау шалу қажеттігін еске саламыз. Полицейлерге уақытылы жүгінудің арқасында қылмыстың «ізін суытпай» ашудың мүмкіндігі артады.