СҚО полицейлері 22 жастағы петропавлдықтан «экстази» мен мефедрон тәркіледі

СҚО полицейлері 22 жастағы петропавлдықтан «экстази» мен мефедрон тәркіледі

Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны тамыз айының соңында солтүстікқазақстандық есірткі қылмысына қарсы күресушілердің назарына іліккен. Тәртіп сақшыларына жас жігіттің есірткілерді таратуға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған полимер түйіншектер табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 31 грамды құрады. Сараптама бұл психо белсенді зат «мефедрон» - кокаиннің синтетикалық аналогы екендігін көрсетті. Тәркіленген зат 500-ге жуық бір реттік қолданылатын дозаны құрайды. Бұнымен күдіктінің есірткі саудасындағы «ассортименті» шектелмейді.

«Оның жауабын тексеру кезінде полицейлер «жасырылған зат» деп аталатын дәрілерді тәркіледі, — деп нақтылай кетті СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзиди. — Таблеткалар психотроптық зат MDMA, немесе «экстази» деген атпен белгілі метамфетамин болып шықты. Айта кететін болсақ, бұл биылғы жылы СҚО-да метамфетаминді тәркілеудің алғашқы жағдайы. Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды».