
СҚО полицейлері «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Басты мақсаты есірткінің заңды айналымы саласындағы бұзушылықтарға қарсы күресу. Есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсаты бар медициналық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері тексерілді. Объектінің техникалық нығайтылуын бұзудың 1 фактісі, ол кешіктірілмей жойылды, сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолдану қағидаларын бұзудың 6 фактісі анықталды.
«Бұзу қатаң есептегі құжаттарды жүргізу тәртібіне қатысты болды, — дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзиди. — Кез келген бұзушылық медициналық мекемелерде сақталатын есірткі заттарын заңсыз пайдалануға мүмкіндік туғызатынын түсінген жөн. Жауапты тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті СҚО бойынша департаментіне тапсырылды».
Сонымен қатар, ЖПІШ өткен кезеңде заңсыз есірткі айналымының 8 фактісі тіркелді. Оның ішінде 2 факті өткізу, 1-і аса ірі мөлшерде сақтау және 1 факті есірткіні насихаттау.