СҚО полицейлері 2 күн ішінде 17 мас жүргізушіні анықтады

СҚО полицейлері 2 күн ішінде 17 мас жүргізушіні анықтады

Облыста «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Қыс басталғаннан бері жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. ЖҚЕ бірнеше өрескел бұзушылығы, оның ішінде жылдамдықты асырудың 49 фактісі анықталды. 15 жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өту қағидаларын бұзған, айта кететін болсақ, нақты 11 айдағы орын алған осы бұзушылықтар 55 ЖКО әкеп соқтырған, онда 1 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алған. Сондай-ақ облыс жолдарында 17 мас жүргізуші тоқтатылған, оның екеуі есірткілік масаң күйде болған.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, Өткізіліп жатқан ЖПІШ бөліністердің бірнеше қызметкерлері жұмылдырылды, полиция жұмысының барлық бағыты күшейтілді. Учаскелік инспекторлар соттылығы бар және есепте тұрған басқа санаттағы адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеруде. Сонымен қатар екі тәулік ішінде 400 аса қараусыз қалған ғимараттар, 140 астам жалға берілетін пәтерлер тексерілді. Қабылдау тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 17 адам, екі жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді. Түнгі рейдтер барысында сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде жүрген 47 кәмелетке толмаған анықталды. Сонымен қатар, заңсыз сақталған 10 бірлік атыс қаруы заңсыз айналымнан алынды.

Барлығы екі күнде СҚО полицейлері 787 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, «ізін суытпай» 23 қылмыс пен бұрын жасалған 4 қылмысты ашты.