Петропавлдағы дәмханалардың бірінің әкімшісі түнгі уақыттағы шу үшін жауапкершілікке тартылды. Шақырту жексенбі күні түнгі 22:30 шамасында «102» арнасына келіп түскен. Дәмхана орналасқан үйдің тұрғындарын қатты шығып тұрған музыка мазалаған. Әкімшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» бойынша хаттама толтырылды. 21 жасар қалалық бөтен біреудің есігін қағып тұрғанын айтып, тәртіп сақшыларын шақырған. Оқиға орнына келіп жеткен патрульдік полиция қызметкерлері мас адамның подъезді шатастырып алғанын анықтады. Ер адам да тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
«Өткен демалыс күндері Петропавл қ. ПБ учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тыныштықты бұзудың 20 шақыртуына шықты, - дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Бірнеше отбасылық жанжал болды. Жалдамалы пәтерлердегі шулы басқосуларға алты шақырту түсті. Тұрғындардың толыққанды демалуына құқылы екендіктерін және жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс, мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуға болмайтынын еске саламыз».
