
Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы базасында өткен мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуіне қатысты. Күн тәртібі – қыста облыстық маңызы бар жолдарға қызмет көрсету және күтіп ұстау саласында мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыру.
«Петропавл жолдары», «МГА - Дорстрой», «Строительный трест № 17» - үш мердігер ұйым жалпы ұзақтығы 1900 астам шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жолға қызмет көрсетеді. Маусымаралық шақта, сондай-ақ қысқы боран мен көктайғақ кезінде жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі барлық мүдделі тараптардың жауапты жұмысымен тікелей байланысты. Кездесуде проблемалар аталып, оларды шешу жолдары талқыланды. Көбіне құм-тұз аралас қоспаны қолдану, жол белгілерін орнату, сондай-ақ шұғыл ден қоюды талап ететін сол немесе өзге де жол проблемалары туралы жедел хабарлау мәселелері сөз болды. Бұл жұмысты оңтайландыру мақсатында жұмыс тобы құрылды. Жуыр арада – мессенджерде әкімшілік полицейлер мен Жол басқармасы қызметкерлерімен қатар мердігер ұйымдардың өкілдері қосылатын ортақ чат құру жоспарда бар. СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов полиция әрдайым байланыста, телефон қоңырауларынан бөлек, проблемалық мәселелер бойынша бей-жай қарамайтын әр тұрғын фото немесе бейне хабарламаларды ведомствоның ресми аккаунттарына жіберулеріне болатынына тоқтала кетті. Әкімшілік полицейлер осындай жұмыс кездесулерін апта сайын өткізуді жоспарлап отыр.
Жыл басынан әкімшілік полиция қызметкерлері облыстық маңызы бар жолдарға 196 тексеріс жүргізді. 2300 аса шақырым жол тексерілді. Жолдарды күтіп ұстауда 698 ақау анықталды. Кемшіліктерді жою бойынша 184 анықтама берілді.