Солтүстік Қазақстан облысында соңғы тәулікте жолда екі оқиға орын алды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы тәулікте жолда екі оқиға орын алды

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте жолда екі оқиға орын алды. Мағжан Жұмабаев ауданында УАЗ автомашинасының 63 жасар жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалды. 46 жасар жолаушысы зардап шекті. Ал, Мамлют ауданында абырой болғанда аман қалды. Лада көлігінің жүргізушісі кюветке түсіп кетті. Жүргізушілердің айтуынша, бұл жағдайларға қолайсыз ауа райы, яғни көктайғақ себепші болған.

Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол жүрісі ережелерін қатаң сақтап, жолда абай болуға шақырады. Сондай-ақ, қыс мезгілінде, яғни 1 желтоқсаннан бастап шиналарын жазғыдан қысқыға ауыстырмағандарға қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіндерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

«Ауа райының күрт өзгеруі жол қозғалысының барлық қатысушыларына алаңдатушылық туғызады. Тек ЖЖЕ қатаң сақтап, қырағылық танытып, жолдарда мұқият болғанда ғана, барам деген жерге аман-есен жетуге болады. Барлық жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтауды, жауын-шашын көп түскен жағдайда елді мекеннен ұзамауларын сұраймыз», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.