СҚО ауданының полицейлері облыс орталығынан күдіктіні «ізін суытпай» ұстады

СҚО ауданының полицейлері облыс орталығынан күдіктіні «ізін суытпай» ұстады

Миллион теңгеден астам ақшаны белгісіз қылмыскер аудан орталығы Тайыншадағы дүкендердің бірінің иесінің кабинетінен ұрлап кеткен. Қылмыс туралы хабарлама 21 қараша күні аудандық полиция бөліміне түсті. Қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Күдіктіні полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтады: ол дүкенде күзетші болып істейтін 40 жасар жергілікті тұрғын болып шықты. Тұрғылықты жерден табылмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Петропавл қаласына кетіп қалғаны анықталды. Тайыншалық жедел қызметкерлер облыс орталығында іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 5 сағаттан кейін күдіктіні қаладағы қонақ үйлердің бірінен анықтады. Тайынша ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Арғын Аманбаевтың айтуынша, күдікті ақшаның бір бөлігін спирттік ішімдікке және басқа да заттарға жұмсап қойған. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жыл басынан бері облыста пробациялық бақылаудан жалтарған, қылмыс жасауды деген күдікпен 30 қылмыскерге іздеу жарияланды. Бүгінгі таңда оның 22-і анықталды.