
СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекция бөлімі қызметкерлерімен қысқы кезеңде жол және жол құрылымдарын күтіп ұстау шеңберінде республикалық маңыздағы жолдарды күтіп ұстайтын «ҚазАвтоЖол ҰК» СҚОФ АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС және «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мердігер ұйымымен бірлесіп А-21 «Мамлютка-Қостанай» республикалық маңызды автожолын тексерілді. Тексеріс нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631-бабының 1-бөлігіне сәйкес жол және жол құрылымдарын тиісінше күтіп ұстамағаны үшін жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.