Петропавлда жол-көлік оқиғасы нәтижесінде үш адам зардап шекті

Петропавлда жол-көлік оқиғасы нәтижесінде үш адам зардап шекті
2021 жылғы 29 қараша сағат 15:30 шамасында Петропавл қ. айналма жолында «ВАЗ-21093» және «Toyota Camry» автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнына ТЖД бригадасы және 3 жедел жәрдем шақыртылды.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде үш адам зардап шекті: «ВАЗ-21093» автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттарымен қаладағы медицина мекемелерінің біріне жатқызылды, «Toyota Camry-дің» 28 жастағы жүргізушісіне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша анықтау жүргізілуде, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізушілерден масаңдық деңгейін анықтау үшін талдауға қан алынды. Процестік шешім қабылдау үшін материалдар Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөліміне жолданды.

Полицейлер маусымға байланысты жол қозғалысына қатысушыларды барлық Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады: жылдамдық режимін бұзбауға, ара қашықтықты сақтауға, міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тағуға, рөлде отырғанда телефон қоңырауларына, хабарламаларға алаңдамауға. Көктайғақ кезінде аса мұқият болған жөн.

10 айдың ішінде СҚО жолдарында 151 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның нәтижесінде 28 адам қаза тауып, 206-сы жарақат алды. Автокөлікті масаң күйде жүргізгені үшін жыл басынан мыңға жуық адам ұсталды.