СҚО полицейлері бір апта ішінде 76 қайыршыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

СҚО полицейлері бір апта ішінде 76 қайыршыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

СҚО полицейлері қарашаның 22-сі мен желтоқсанның 1-і аралығында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты – адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу. Адамдарды сатумен айналысуы және сексуалдық пайдалануы ықтимал деген объектілер, сауналар, көңіл-көтеру орындары, фермерлік шаруашылықтар тәртіп сақшыларының ерекше назарында. Петропавлдық сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды, тағы бір әкімшісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен, жеңгетайлыққа үй-жайлар ұсынғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 76 хаттама толтырды.

«Тиісу ұғымына қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру кіретінін еске саламыз», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. - Қайыршылық құқық бұзушылық болып табылады және 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу түріндегі жазаны қарастырады.