
СҚО Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желі қолданушыларын есірткі қылмыстарын анықтау және профилактикалық жұмыстар жайында ақпараттандырды. Instagram және Facebook ведомстволық ресми аккаунттарындағы кезекті онлайн-стриминг есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің соңғы 10 айда атқарған жұмыстарының қорытындысына арналды.
«Қарасора», «Өрмек», «Транзит», «Дәрмек» – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері тұрақты түрде республикалық және облыстық жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жұмыс істейді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзидидің ақпаратынша, 10 айда 203 есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілген, оның ішінде 88-і есірткі қылмысы. Сонымен қатар, жедел уәкілдермен 115 қылмыстық теріс қылықтар тіркелген. Заңсыз айналымнан 409 кг түрлі есірткі құралдары алынды, оның 10 гр героин, 4 кг-дан астамы гашиш, 400 кг марихуана және 4,5 кг түрлі синтетикалық есірткілер. Полицйелер өңірімізде есірткінің дәстүрлі түрлерін синтетикалық түрлерімен алмастыру тенденциясы байқалатынын айтады. Криминалдық тұлғалар байланыссыз әдіс, интернет арқылы таратады. Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан синтетикалық психобелсенді құралдардың заңсыз айналымның 90 фактісін анықтады. Бұл есірткі құқық бұзушылықтардың жалпы санының 48 % құрайды. Биылғы жылы синтетикалық есірткіні жарнамалаған 82 интернет-ресурс анықталды.
Иван Терзиди айтып өткендей, жедел уәкілдермен есірткі қылмысының профилактикасына ерекше көңіл бөлінеді. Онлайн форматтағы дөңгелек үстелдер, брифингтер, дәрістер, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аккаунттарына тақырыптық контенттерді ұдайы жариялау, «Соли и спайсы: дорога в никуда. 2021 год» филіміне сілтемелерді тарату – осындай кешенді жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Басқармада 8 (7152) 39-41-93 тәуліктік сенім телефоны, 8-707-500-96-65 WhatsApp қосымшасы өз жұмысын жалғастыруда, сондай-ақ ПИК төрағаларымен чат ашылған. Полицейлер есірткі жарнамасы граффитиге қатысты сұрақтарды, суреттерді мессенджер нөміріне жолдауларын сұрайды. Фотодан бөлек, есірткі граффитиі табылған жердің мекенжайы көрсетлуі тиіс. ПИК-пен және еріктілермен бірлесіп, бұл жазуларп жойылады.
10 айда облыста есірткілік және психоактивтік препараттарды шамадан тыс қолданудың 52 фактісі тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде 75 факті тіркелген. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Полиция департаментінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі.