Пьяного водителя грузовика остановили полицейские Петропавловска

Пьяного водителя грузовика остановили полицейские Петропавловска

23 қарашада петропавлдық дүкендердің бірінің жанында 47 жастағы қала тұрғыны басқарған «ГАЗ 3302-14» автокөлігі тоқтатылды, жүргізушіден алкоголь иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру масаң күйде кендігін көрсетті. Ер адам рөльге отыруының себебін жұмысқа шақыртуға байланысты деп ақталмақ болған. Барлық жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін жүк көлігінің жүргізушісі еш ойламаған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша көлікті масаң күйде жүргізгені үшін хаттама толтырылды.

«Соңғы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 9 мас жүргізуші анықталды, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Осындай фактілерді анықтау — 22 қарашадан өткізіліп отырған «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты болып табылады. Күшейтілген қызмет түріне 400 астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Масаң күйде көлік жүргізуге жол жоқ, ішімдік ішіп, рөльге отырғандарға заңнамамен көзделген ең қатаң шаралар қолданылады: атап айтқанда 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады».

Барлығы екі күнде облыс жолдарында 880 түрлі құқық бұзушылық анықталды, оның 262-сі облыс орталығында, 229-ы қала сыртындағы жолдарда. Өрескел бұзушылықтардың ішінде – 17 маневр жасау қағидаларын бұзу, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтудің 14 жағдайы, жылдамдықты асырудың 12 фактісі тіркелді. Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО