
Петропавлдықтар негізгінен мас көршілердің айғайына, түнде музыканың қатты қойылуына шағым жасап, түнде тыныштықты бұзу туралы арыздарымен полицияға жүгінеді. Демалыс күндері шақыртулардың саны арта түседі. Мысалға, сенбі және жексенбі күндері Петропавл полицейлері түнде тыныштықты бұзу фактісі бойынша 25 рет шақыртуға барған. Осындай жағдайлардың бірінде клиенттері көрші үйлердегі тұрғындардың тыныштығын бұзған сауна әкімшісі жауапкершілікке тартылды.
Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов екі жағдайда да тыныштықты бұзуға жалға берілетін пәтерлер себеп болғанын атап өтті. Тәртіп сақшылары: пәтер бюросының клиенттері заңнаманы сақтауға міндеттелетін шарт жасағандықтан, тыныштықты бұзу фактілері пәтерді шұғыл босатуға негіз болып табылатындығын еске салады.
Полицейлер жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделгенін естен шығармауды сұрайды. Солтүстік Қазақстан облысында барлығы жыл басынан түнде тыныштықтың шырқын бұзған 2567 адам жауапкершілікке тартылды.