
Ауа райының күрт өзгеруіне, ауа температурасының төмендеуіне, мұздың пайда болуына, жауын-шашынның түсуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы көлік құралдарына қысқы дөңгелектерді уақтылы орнатуға кеңес береді. Бұл жүргізушіге жол үстінде ауа райымен және басқа да себептермен байланысты жағдайларда тез арада шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, ауа райы болжамдарын бақылап отырыңыздар. Сондай-ақ, көліктің техникалық жағдайын да қарап отыру қажет.
Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауыңыз – Сіздің қауіпсіздігіңіз. Жол қателіктерді кешірмейтінін естен шығармаңыз!