
17 қарашада Ғ.Мүсірепов ат. ауданның екі тұрғыны мал ұрлығы туралы арызымен полицияға жүгінген. Біреуінің саулық ойы, екіншісінің екі қойы жоғалған. Екі жағдайда да қылмыскерлер қораға кіріп, ұсқа қараны ұрлаған. 15 қарашадан облыста өткізіліп жатқан «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұрлық «ізі суымай» ашылды.
«Бұдан бөлек, бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтілді, — СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. — ЖПІШ өткен төрт күнде осындай 5 факті ашылды, оның ішінде 4 – «өткен жылдарда» жасалғандар. Барлығы мал ұрлығына қатысты бар деген күдікпен 6 күдікті ұсталды.
ЖПІШ аясында полицейлер ветеринария қызметінің инспекторларымен бірлесіп, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді, оларды өткізу орындарын тексереді. Аудандарда бұл жұмысты арнайы құрылған мобильді топ атқарады. 157 автокөлік, 60 өткізу орны, 169 ферма, шаруа қожалықтары мен жайылым жерлер тексерілді. Ветеринария саласындағы 19 құқықбұзушылық, 53 еркін жайылымға жіберу фактісі анықталды.