СҚО-да 2 жыл ішінде шетелдік нөмірлері бар 60 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды

СҚО-да 2 жыл ішінде шетелдік нөмірлері бар 60 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды

Солтүстікқазақстандық полицейлер қазақстандық азаматтардың шетелде есепте тұрған автокөліктерді пайдалануымен байланысты тәуекелдері туралы айтты.

Тек соңғы екі жылда СҚО-да айып тұрағына өзге елдердің нөмірлері бар 60 автомобиль қойылды. Оның 7-і айдап әкеткен көліктер тізімінде (барлығы Ресей Федерациясы аумағы бойынша). Кейбір көліктерге шетелде шектеу қойылғандықтан айып тұрағында тұр. Мысалы, Ресей Федерациясындағы нақты иесінің мүлкіне тыйым салынғандықтан, тамыз айында Петропавл тұрғыны «BMW X-5» көлігінен айырылды және бұл бірлі-жарым оқиға емес.

«Сонымен қатар, айып тұрағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында тоқтатылған көліктер қойылады, - деп хабарлайды СҚО ПД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Жеңіс Темірбеков. Аталған көліктер заңнама бұзушылықтарымен ресімделген. Олардың көбісін жалған құжаттармен кіргізбекші болған, кейбіреуінің vin-коды қайта соғылған. Дегенмен, жерлестеріміздің біразы шетелде «ұқсас телқосағы» бар көлікті тізгіндеп жүр деуге негіз бар».

Келесі бір қауіп: кейде қазақстандықтар «конструктор» деп аталатын – күрделі жол-көлік оқиғасына түскен автомашиналардың қосалқы бөлшектерінен жиналған көліктерді сатып алып жатады. Оларды да жалған құжаттар бойынша сатады. Полицейлер шетел көлігін сатып алар кезде автомобильдердің және агрегаттардың (vin-код, шанақ, қозғалтқыш, шасси және т.б.) сәйкестендіру нөмірлерін тіркеу құжаттарында көрсетілген мәліметтермен салыстыруға, шектеулер қойылғанын, не қойылмағанын, жалпы тарихын тексеруге кеңес береді.