СҚО-да криминалистің жұмысы ауыл дүкеніндегі ұрлықты «ізін суытпай» ашуға көмектесті

СҚО-да криминалистің жұмысы ауыл дүкеніндегі ұрлықты «ізін суытпай» ашуға көмектесті

21 қазан таңертең Мамлют ауданының полиция бөліміне ауыл дүкендерінің біріндегі ұрлық туралы арыз келіп түсті. Тауар қозғалмаған, қаскөйді тек касса ғана қызықтырған. 100 мың теңге шамасандағы ақша оның олжасына айналған. Мұндай әрекетке жергілікті және келіп кететін қылмыскер де баруы мүмкін. Куәгерлердің болмауы жедел-тергеу тобының жұмысын қиындата түсті. Дегенмен, күдікті сол күні кешке ұсталды. Ол көрші ауданда уақытша тұратын 18 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ұрлықтың «ізін суытпай» ашуға бес жылдық өтілі бар маман, аға криминалист полиция майоры Айдарбек Хамзиннің жұмысы көмегін тигізді. Қол іздерін алуды жедел және нақты жүргізе отырып, ол «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесінің көмегімен сәйкестендірді. Қол іздері бұрын қылмыстық жауапқа тартылған ауыл тұрғынының дактокартасымен сай келді. Жедел-тергеу тобы жұмысы басталғаннан бері ұстауға кеткен уақыттың арасы 6 сағатты құрады. Күдіктіден дүкеннің сыртқы есігін бұзып кіргенде ізі қалған сындыру құралы тәркіленді.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді», — дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Пётр Климов. — Аудандық полиция жұмысында осындай қылмыстардың профилактикасы маңызды орын алады. Қызметкерлер кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нысандарды техникалық нығайту туралы ұсыныстарын жолдайды. Бейнебақылау мен сигнализация сынды шаралар қылмыстық қолсұғушылықтың алдын алуға ықпал ететін фактор болып табылады әрі қылмысты ашуға кететін уақытты айтарлықтай азайтады».

Облыста жыл басынан криминалистер 3 мыңға жуық зерттеу жүргізді. Дактилоскопиялық зерттеу 852 қылмыс пен оқиға бойынша жүргізіліп, қылмысты ашуға септігін тигізген 98 оң нәтиже алынды.