Петропавл полицейлері өртте адамдарды құтқарғаны үшін әскери қызметкерлерді марапаттады

Петропавл полицейлері өртте адамдарды құтқарғаны үшін әскери қызметкерлерді марапаттады

Күн сайын 150-ден астам әскери қызметкер полицияның күш құрамында қала көшелерін 50 бағыт бойынша патрульдеуге шығады. Олар полицейлермен иық тіресе қоғамдық тәртіпті сақтауда. Қарашаның 15-не қараған түні Абай көшесі бойында әскери қызметкерлердің назарына масаңдық белгілері бар ер адам түседі, олар жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне жеткізеді. Тексеру кезінде ер адамнан өсімдік тектес зат салынған орама табылды. Аталған факті бойынша процесстік шешім қабылданды.

«Әскери қызметкерлердің құқықтық тәртіпті сақтауға қатысуының оң тұстары көп, - дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Олардың ішінде қоғамдық тыныштықты бұзушыларды ұстау, қиын жағдайда адамдарға қол ұшын беру. Қарашаның 8-і күні үш әскери қызметкер №2 қалалық аурухана ауданындағы жылу коллекторынан жалынды байқайды. Ішінде тұрғылықты мекенжайы жоқ екі тұлға болған. Өз өмірлерін қатерге тігіп, оларды өрттен аман алып қалды».

Қарашаның 12-сі қойылған мінддеттерін адал атқарғандары, сондай-ақ Петропавл қ. аумағында жаппай іс-шараларды өткізу кезінде тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқандары үшін полицияның кешенді күштері мен құрылымдарының гарнизондық таратылуында 14 әскери қызметкер алғыс хаттармен маратпатталды.

Жыл басынан әскери қызметкерлердің қатысуымен 8 қылмыс пен 139 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 120-дан астам қоғамдық тәртіпті бұзушы полицияға жеткізілді.