
СҚО полицейлері «Соли и спайсы. Дорога в никуда» есірткіге қарсы күрес туралы фильмнің екінші бөлімін түсірді. Деректі жоба синтетикалық есірткілерден туындайтын проблемалар жайлы баяндайды. Үш жыл бұрын түсірілген алғашқы фильм қылмыс әлемі жастарды есірткіге тәуелді етудің жаңа түрлеріне тартатыны жайлы көптеген адамдар үшін негізгі объективті ақпарат көзі болды. Ол YouTube хостингінде 600 мың аса қаралған. Бұдан бөлек, полицейлер профилактикалық жұмыс барысында білім беру мекемелерінің оқушыларына фильмді көрсетті. Есірткі қылмысына қарсы күрес ісінде айтарлықтай өзгеріс байқалды – ол жайлы фильмнің екінші бөлігінде сөз болады.
Заңнамадағы өзгерістер батыл шешім болды, ол «синтетиканың» жаңа түрлерін тыйым салынған заттардың тізіміне енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қылмыстық кодекске есірткіні жарнамалағаны үшін жауапкершілік енгізілді – «есірткіграффити» авторлары бұрын бұзақылық үшін жауапқа тартылса, енді оларға нақты жаза қарастырылған. Полицейлерде синтетикалық есірткіні өндірушілермен және таратушылармен күресуге қажетті барлық құқықтық құжаттар бар. Тек, 2021 жылдың өзінде облыста 7 есірткі зертханасы жойылды, оның 3-і «синтетикалық есірткі» өндірумен айналысқан. Тұз бен спайс сататын 13 интернет-«дүкендер» жабылды, есірткіні өткізумен айналысқан 24 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан 4 кг. астам «синтетикалық есірткі» алынды – бұл мыңдаған бір реттік доза болып табылады. Петропавлдың орталық көшелеріндегі үйлердің қабырғаларының сиқын кетірген есірткі граффитилер көзден жоғалды.
«Бұл және басқалар жайлы да фильмде баяндалады, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. – Түсірілім мен монтажды «QZ media» сол командасы жоғары кәсіби деңгейде орындап шықты. «Green help» үкіметтік емес ұйымы демеушілік жасады. Көрермендерді құнды материал күтуде: нашақорлардың тағдыры, қылмыскерлерді ұстау, жедел түсірілімдер. Ата-аналар жасөспірімдердің қауіпті іспен айналысуын қалай анықтауға болатыны жайлы пайдалы кеңес алады. Жастар, «дизайнерлік» есірткі қолданған адамдардың барар жері жансақтау бөлімі екендігіне көз жеткізетіндігіне және бас бостандығынан айыру орнындағы «есірткі жасырушының» тағдыры жайлы фильм үшін берген сұхбатын тыңдап ойланады деген сенімдеміз».
Бүгінгі таңда фильмді YouTube-тан көруге болады, алдағы уақытта полицейлер оны профилактикалық жұмыста пайдаланатын болады.