
Аптаның басында сағат 00:30 шамасында «102» пультіне «Toyota» маркалы автокөліктің жүргізушісі Пушкин көшесі бойымен көлігін сенімсіз жүргізіп, апаттық жағдай тудырып келе жатқаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Полицейлер шақыртуға шұғыл шығып, бұзушыны тоқтатады. Тексеріс барысында көлік басқарып келе жатқан 32 жасар ер адамның басқару құқығы болмай шығады. Сонымен қатар, медициналық куәландыру оның масаң күйде екенін көрсетеді. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-б. бойынша материал жинады. Сот шешімімен ер адам масаң күйінде көлік басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алу түріндегі жазаға тартылды.
«Мас жүргізушілерді анықтау – патрульдік полиция батальоны жұмысының маңызды бағытының бірі, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Бұл ретте, аталған жұмысқа өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ерекше назар аударылады. Операцияның алғашқы күні-ақ осындай тоғыз оқиға анықталды. Спирттік ішімдік ішіп рөлге отырған әр жүргізуші өз өміріне, өзгенің өміріне қауіп төндіретінін немесе ауыр салдарға әкеп соғатын ЖКО жасап, қылмыскер атануы мүмкін екендігін жете түсінуі қажет. Оларға қатысты ең қатал шаралар қабылданатын болады».
Облыс жолдарында жедел-профилактикалық іс-шараның 2 күні ішінде ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1402 бұзушылығы анықталды. Өрескел бұзушылықтардың қатарында: белгіленген жылдамдық режимін асыру - 76, маневрлеу ережесінің бұзушылығы – 45, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу – 26, апаттық жағдай жасау – 12. Қарашаның 17-не дейін жалғасатын ЖПІШ басты мақсаты - ЖЖҚ бұзушылықтарының профилактикасы, апаттылықты азайту, жүргізушілердің тәртібін нығайту.
СҚО-да жыл басынан 849 мас жүргізуші тоқтатылды.