
Солтүстік Қазақстан облысы жолдарын күзгі тексеру нәтижелері жайлы Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде есеп берді.
Instagram мен Facebook-тегі солтүстікқазақстандық полицияның ресми аккаунттарындағы кезекті онлайн-стриминг Әкімшілік полиция басқармасы жұмысының негізгі бағыттарына: жол-көлік инфрақұрылымын зерттеу және автокөлікті тіркеуге арналды. Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Назар Байматовтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында жалпы қолданыстағы жолдардың ұзақтығы 9300 км. астам. Оның ішінде республикалық 1900 км. астам, жергілікті – 7028 км. құрайды. Петропавл қаласындағы жол көше желілерінің ұзақтығы – 366 шақырым. Көше саны – 377. 10 айда облыс орталығында қаланың жол көше-желілерінің техникалық жағдайына 392 тексеріс жүргізілді, анықталған кемшіліктерді жою туралы 196 анықтама берілді.
Әлеуметтік желілердің қолданушылары сұрақтарын қойып, ойларын пікірлерінде білдірді. Көбіне, қаланың белгілі бір аудандарында көлік тұрағын ұйымдастыруға қызығушылық танытты, жол берлгілері және отырғызылған ағаш көшеттері туралы жазды. Әр сұрақ назарға алынып, тікелей эфирде жауап берілді.
Онлайн-стримингтің соңында полицейлер халыққа ыңғайлы болуы үшін СҚО ПД Процессингтік орталығында көлік құралдарын тіркеу мәселесі жөнінде келесі телефондар бойынша: 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 «қауырт желі» жұмыс істейтінін еске салды. Сонымен қатар СҚО ПД ӘПБ Instagram мен Facebook-те ресми аккаунттары жұмыс істейтінін, оған консультация алу үшін хабарласуға болатынын алға тартты.
Полицейлер кезекті онлайн-стримингті есірткі қылмысын алдын алу және қарсы күрес мәселелерін талқылауға арнауды жоспарлап отыр.