Патрульдік полиция батальонының бір топ жас қызметкерлері ПД музейінде болып қайтты

Патрульдік полиция батальонының бір топ жас қызметкерлері ПД музейінде болып қайтты

Солтүстікқазақстандық полицияның музейі ҚР ІІМ жүйесіндегі үздік ведомстволық музей болып танылды. Жас қызметкерлерге арналған экскурсиялар – патриоттық тәрбиенің міндетті бөлігі. Олар санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізіледі.
Жақында погон тағып, құқық қорғау қызметіне кіріскен жастар өлкенің тарихы мен ішкі істер органдарының қалыптасуы туралы көп мағлұмат алды.
Мұражай экспозицияларында ІІО қызметкерлерінің әскери және бейбіт уақытта жасаған ерліктері көрсетілген. Ерліктің және халық пен мемлекетке қалтқысыз қызмет етудің мысалдары үлгі алуға және жас мамандардың өз қызметтерінің абыройын сақтауына ықпал етуге тиіс.