
Әлеуметтік желілерде жол-көлік инфрақұрылымдарындағы кемшіліктер туралы пікірлер жиі жарияланып тұрады. Олардың әрқайсысы әкімшілік полиция қызметкерлерімен тексеріледі. Жол бойындағы жол белгілерінің ескіруі, зақымдалуы немесе бұталардан көрінбей қалуы сияқты ұсақ кемшіліктер тез арада жойылады. Полицейлер басқа да кемістіктер бойынша мүдделі инстанцияларға ұйғарым жолдайды.
Қажетті жол белгілерін орнату және негізсіз орнатылған жол белгілері мен маңдайшаларды демонтаждау (аула аумағындағы, ұйымдардың жанындағы), жол жабындысының, канализация люктарының биіктігін реттеу, шұңқырларды жөндеу, бордюрлер орнату – бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жұмыстың бір бөлігі ғана.
«Өтініштер түрлі арналардан келіп түсіп жатады: ресми түрден әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға дейін, - деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Рүстем Тасболатов. – Жыл басынан жол-техникалық инспекция тобының қызметкерлерімен жеке және заңды тұлғалардың 306 өтініші қабылданып, жауап берілді. Әрқайсысы бойынша тексеріс жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданды. Облыс орталығында 10 айдың ішінде қалалық көше-жол торабының техникалық жағдайына 392 тексеріс жүргізілді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 196 ұйғарым шығарылды».
Бүгінгі күні тексеріс нәтижелері бойынша 11600 шаршы метр асфальт-бетон жабындысы шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді, 13 000 шаршы шақырым жолға жол белгілері салынды, 194 мың жол белгілері орнатылды. Магистральды көшелердің жүру бөлігіндегі 136 жерасты коммуникация құдықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жолдарды және жол инфрақұрылымдарын күтіп-ұстау қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу талаптарын бұзғаны үшін 42 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.