СҚО полицейлері жыл басынан 195 есірткі қылмысын анықтады

СҚО полицейлері жыл басынан 195 есірткі қылмысын анықтады
Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналым фактілерін анықтау, жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу — «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында СҚО полицейлері алдарына осындай міндеттер қойды. Кең ауқымды жұмыс 1 маусымнан 31 қазанға дейін созылды. ЖПІШ шеңберінде барлығы 125 заң бұзушылық, оның ішінде 47-і есірткіні сату, өткізу фактісі анықталды, полицейлер бұлармен күресуге ерекше назар аударады.

Мәселен, операцияның алғашқы күндерінде Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде мақсатты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл ауданының 39 жасар тұрғыны ұсталды. Полицейлер оның «Subaru Legacy» көлігінің жүксалғышынан 5 келі марихуана салынған полимер пакет тәркіледі. Ұсталған азамат екі жыл бойы есірткі қолданып, сатқанын мойындады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 20 қыркүйек күні соттың үкімімен ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 295,5 кг. астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, – дейді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. – Жыл басынан СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі бизнесі саласында 195 түрлі қылмысты анықтады. Оның ішінде есірткіні өткізудің 49 фактісі, 15 — аса ірі көлемде сақтау фактісі. 409,5 кг есірткі тәркіленді, оның 4,2 кг-нан астамы «синтетика» және 4,1 кг гашиш».