СҚО МКҚБ жаңа бастығы тағайындалды

СҚО МКҚБ жаңа бастығы тағайындалды

2 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамына жаңа бастықты таныстырды. Бұл лауазымға Ішкі істер министрлігінің 30 қазандағы бұйрығымен полиция полковнигі Кеңес Нұртайұлы Дүйсекеев тағайындалды. Бұрын ол Павлодар облысы МККБ бастығы қызметін атқарған. Басқарманың жаңа басшысы 43 жаста, ішкі істер органдарында 1997 жылдың тамызынан бастап қызмет етуде.

МКҚБ-ның міндеті облыс аумағындағы стратегиялық маңызды объектілерді күзету болып табылады.