
Техникалық ақауларға байланысты облысымыздағы қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіндегі кейбір бағдаршам объектілері сөнуі мүмкін. Осыған байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылар көшелердің қиылыстарындағы қозғалысты реттеушілердің талаптарын, ал реттеуші болмаған жағдайда жол белгілері мен жол таңбаларына қарай отырып Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауы қажет.
Бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы