СҚО жолдарында демалыс күндері 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді

СҚО жолдарында демалыс күндері 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жауған қар, еріген су, жел – петропавлдықтар жұмыс аптасын осылай қарсы алды. Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол жүрісі ережесін қатаң сақтауға шақырады – маусым ауысқан уақытта жол-көлік оқиғасының қатысушысы болу қаупі айтарлықтай арта түседі.

Өткен демалыс күндері СҚО жолдарында 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Облыс орталығында Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына ЖКО фактісі бойынша қоңырау түсті, СҚО қала сыртындағы тас жолда бір ЖКО тіркелді. Ол қала сыртындағы жолдың бойында Қызылжар ауданының Новокаменка селосының тұсында болған.

… 2021 ж. 31.10. сағат 15 шамасында «Жезқазған - Петропавл» автожолының 935 шақырымында 1999 ж.т. Audi маркалы көлігінің жүргізушісі рөльге ие бола алмай аударылған. Нәтижесінде үш жолаушы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген, жолаушылардың біреуі оқиға орнында қайтыс болған. Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полицейлер ЖКО мән-жайы мен себебін анықтайтын болады. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

«Қыстың келуіне және ауа райының нашарлауына байланысты, жүргізушілерге жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру қажеттігі туралы естеріне саламыз. Дөңгелекті уақтылы ауыстыру жүргізушіге қолайсыз ауа райында жолдағы жағдайды сенімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналарына: күзгі демалыстың басталуына байланысты балалармен ЖЖЕ қатаң сақтау; жолдың жүру бөлігіне жақын ойнамау; сондай-ақ көшеден өткен кезде автокөліктің сізді өткізуіне көз жеткізу қажеттігі туралы әңгіме жүргізуге назар аудартамыз. Қыста көлікті тежеу жолы айтарлықтай артады», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

10 айда СҚО жолдарында 151 ЖКО тіркелген, оның нәтижесінде 28 адам қаза тауып, 206 жарақат алған.