Қиын өмірлік жағдайда қалған петропавлдық учаскелік полиция инспекторының көмегіне алғыс білдірді

Қиын өмірлік жағдайда қалған петропавлдық учаскелік полиция инспекторының көмегіне алғыс білдірді

Петропавл тұрғыны учаскелік полиция инспекторына алғысын білдірді. «Полиция капитаны Жарқын Кемеңгеров қиын жағдайда жөн сілтеп, мән-жайды түсіндіріп берді» делінген бір-екі жол хаттың астарында қаншама өмірлік арпалыстар жатыр...

Қолында жас баласы бар қызы алкогольге жақын болған. Немересінің тағдырына алаңдаған қала тұрғыны учаскелік полиция инспекторынан көмек сұраған, алайда баласының болуы оған кедергі келтірген. Учаскелік полиция инспекторы мен ювеналдық полицейдің бірлесе көп жұмыс атқаруына - балаға мұндай отбасында қауіпті екенін дәлелдеуге тура келді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шешімімен шешесі ата-ана құқығынан айырылды. Осыдан кейін медициналық комиссия әйелге таңдау жасауын ұсынды:не 10 күнге өз еркімен медициналық мекемеге жатып шығады, не мәжбүрлеп емдеу туралы шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданады. Қызын балалар үйіне жібергеннен кейін әйел бірден есін жиды. Баласын қайтарғысы келген ана, емделуге келісімін берді. Әйелдің әкесі қызметтеріне аса жауапкершілікпен қарайтын учаскелік полиция инспекторларына алғысқа толы хатын СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевқа жолдаған.

«Шын мәнінде, бұл жағдайда менің тарапымнан асқан дарындылық қажет болған жоқ, тек заңнама талаптарын қатаң басшылыққа алу жеткілікті болды, — деп тоқтала кетті Жарқын Кемеңгеров. — Туысқандары өз жақындарының ішімдікке тәуелділігіне бей-жай қарауы немесе маскүнемдердің түзелемін деген уәдесіне сеніп, өтініштерін қайтарып алуы қиындық тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, өміріңді өзгертуге нық сенімің болмаса, мұндай құр уәдеден ештеңе шықпайды. Бұл қала тұрғынына сабақ боларына және отбасының шырқы келетініне сенімдімін».

СҚО-да алкогольге тәуелді 2989 адам есепте тұр. Учаскелік инспекторлар үнемі тексеріп, олармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. Қаңтар айынан бастап маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге 186 адам жіберілді.