
Петропавл қаласының тұрғыны патрульдік полиция батальонына қызметкердің іс-әрекетіне алғыс білдіру үшін жеке келді.
11 қазан кешкісін 20 жылдық жүргізуші өтілі бар Гүлнәр Баскумбаева рөлде отырған кезінде өзін нашар сезінген. Ауру жанына батқандықтан ойлауға шамасы болмаған. Әйел бар күш-жігерімді бойыма жинадым, ешкімді соғып кетпесем екен деген ойдың жетегінде болған. Патрульдік машинаны көзі шалып, белгі бере бастаған. Оған полиция аға лейтенанты Нұрболат Қабдөш келген. Гүлнәр одан ауырсынуды басатын дәрі бар ма екендігін сұраған. «Жедел жәрдем» шақыру ұсынысынан бас тартқан. Сол сәтте үйіне жеткізу үшін полицей оның «Тойотасының» рөліне отырған.
«Жолда кездескен кезекші дәріханаға тоқтады. Маған дәрі мен су алып берді, - дейді қала тұрғыны. – Пәтеріме дейін жеткізіп салды. Үйде көмектесетін біреу бар ма деп сұрады. 20 минуттан соң өзі хабарласып, жағдайымды сұрады...»
Сол уақытта келген дәрігер әйелге көмектесіп үлгерген. Таблетка мен бір жұтым су оның өмірін қауіптен аман алып қалғанына тоқталды. Қызметкердің кішіпейілділік танытқанына ризашылық білдірген Гүлнәр батальонға Нұрболат пен оның командиріне алғыс айтуға келген.
Нұрболат өзінің әрекетін ерлік деп санамайды, адамдарға көмекке келу – полицейлердің міндеті дейді. «Қала көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде әр түрлі жағдайлар болып тұрады. Өз міндеттерімізді адал әрі мінсіз атқаруға тырысамыз», - дейді ол.
Бұндай жағдайлар патрульдік сақшыларға жиі ұшырасады. Бәрі бірдей айтыла бермейді. Батальон қызметкерлері құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарады. Олар шақыртуларға ден қояды, із-түссіз жоғалғандар жайлы жіберілген бағдар бойынша жұмыс істейді, қылмыстар орын алған жерлерге алғашқылардың бірі болып жетеді. Қиын жағдайда адамдарға көмекке келу – қала көшелерінде кезекшілікке түскен кезде алатын маңызды тапсырмалардың бірі.