СҚО полицейлері әлеуметтік желілер арқылы көлікті қысқа дайындауға және жаяу жүргінші-оқушыларды бақылауға шақырады

СҚО полицейлері әлеуметтік желілер арқылы көлікті қысқа дайындауға және жаяу жүргінші-оқушыларды бақылауға шақырады

Жаңбыр, көктайғақ, боран – күздің кеш түсуі жол қызметінен бөлек патрульдік полицияның жұмысына да әсерін тигізуде. Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы халыққа жүгінді.

Жыл басынан облыс жолдарында 122 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 23 адам қайтыс болып, 163-і түрлі жарақат алды. «Автобус», «Мас жүргізуші», «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз – балалар!» және басқалары – жыл басынан бері облыста 16 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. 47 мың жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды, оның ішінде 18 134-і жол ережесін өрескел бұзу болып табылады. Масаң күйде көлік жүргізген 849 жүргізуші ұсталды. Осы жайлы Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Григорий Тыш хабардар етті.

Тікелей эфир Instagram және Facebook-тегі солтүстікқазақстандық полицейлердің ресми аккаунттарында жүргізілді, сондықтан желі қолданушылары комментарийлер арқылы өздерінің сұрақтарын қоя алды. Аулаларға көліктерді қою, жол белгілерін орнату, жолдағы қаңғыбас мал – осы сұрақтар патрульдік және әкімшілік полиция жұмысының әр түрлі желісі бойынша қойылды. Барлық өтініштер мәліметке алынып, басым көпшілігіне эфир барысында жауап берілді.

Эфир соңында полицейлер жүргізушілерге ғана жүгініп қоймай, барлық жаяу жүргіншілерге, әсіресе төменгі сынып оқушыларына тоқталды. Қысқа қарай күн қысқа, кешкі сағат бес, алтылар шамасында қараңғы түседі. Сондықтан жолда сақ болған абзал: белгіленбеген жерден өтпеу, жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде оңға, солға қарау, сонымен қатар қараңғыда жүргізушілерге белгілі болу үшін киімдерге жапсыратын жарық қайтарғыш элементтерді пайдаланған жөн. Сондай-ақ, полицейлер қауіпсіздікті сақтау мақсатында жүргізушілерден көліктерін қысқы автошиналарға алдын ала ауыстыруды ұсынды.