СҚО полицейлері соңғы 5 жылда 8 «телефон террорисін» қылмыстық жауапқа тартты

СҚО полицейлері соңғы 5 жылда 8 «телефон террорисін» қылмыстық жауапқа тартты

«Телефон террористеріне» 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы 1Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаудың» максималды санкциясы. Соңғы 5 жылда Солтүстік Қазақстан облысында жарылғыш заттың қойылғандығы туралы «қалжыңы» үшін 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бірінің 3-4 жылға түрмеге қамалуына тура келді, келесі бір «қалжыңбас» ұзақ мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жазасын өтеген соң олардың әрқайсысы полицияның ерекше назарында болады: бұрын сотты болған тұлғалар сияқты олар да есепте тұрады, учаскелік полиция инспекторлары оларды тұрғылықты жерлері бойынша тексереді. Бұл, әдетте алкогольдік масаң күйде жасалған «қалжың» қоңыраудың өтемі.

«Осындай әр факті бойынша қаншама полицияның күші мен құралдары, өкілдері тартылады, - деді СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Жарасбаев. – Өмірдің күнделікті қалпы бұзылады, адамдар мазасызданады. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халыққа ақпараттық жұмыс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен көзделген жауапкершілік шараларын еске салады».