Жыл басынан Петропавл полицейлері 1,5 мыңға жуық отбасындағы зорлық-зомбылықты тіркеді

Жыл басынан Петропавл полицейлері 1,5 мыңға жуық отбасындағы зорлық-зомбылықты тіркеді

Полицейлер: отбасындағы қатігездікті кешіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуға көну маңызды мәселенің бірі екендігіне тоқталды. Мәселен, тамызда 28 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны дене жарақаттарын алу фактісі бойынша «102» арнасына қоңырау шалған. Мән-жайды тексерген кезде ол күйеуінің тарапынан бірнеше рет моральдық және материалдық зорлық-зомбылық көргені белгілі болды. Тәртіп сақшылары оған нәрестесімен бірге Дағдарыс орталығын паналауды ұсынған. Алайда, онда екі күн болған әйел күйеуіне қайта оралған. Мұндай жағдайлар аз емес, күйеулерінен жәбір көрген әйелдер материал жинау немесе сот процесі сатысында отбасындағы қатігездермен қайта татуласады.

«Жазаға тартпау және нақты шешім қабылдамау құрбандарды ерте ме кеш пе қатігездердің қайта қол көтерулеріне әкелетінін естен шығармаған жөн, — дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов. — Қаңтар айынан бастап Петропавлда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 21 қылмыс жасалды. Негізінен түрлі дәрежедегі дене жарақаттары. Әр осындай факті бұрындары ұрыс-керістен, қорлаудан, тіл тигізуден басталған-ды. Осындай жағдайды болдырмау үшін Петропавл қ. ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына: 39-48-56 телефонына хабарлауға шақырамыз. Сонымен қатар, WhatsApp мессенджерінде +7 (708) 432-45-61 бойынша чат жұмыс істейді, айта кететін болсақ, оған қаңтар айынан бастап 12 өтініш келіп түскен».

Жыл басынан облыс орталығының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 1475 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. 864 құқық бұзушыға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісін жасағаны үшін сотпен 128 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап белгіленді. Сонымен қатар, 9 айда Аналар үйіне 4 әйел мен 4 кәмелетке толмаған бала орналастырылды. Тағы 5 әйел 4 баласымен бірге күйеулерінің әлімжеттігінен сақтану үшін Дағдарыс орталығын паналады.