
Үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге деген ұмтылыс, жауапкершілік, физикалық төзімділік және жануарларға деген шынайы қамқорлық таныту сынды қасиеттерге кинолог ие болуы керек. Солтүстік Қазақстан полициясының балансында – 52 қызметтік-іздестіру иті бар. Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 13 кинолог және 20 қызметтік ит қызмет етуде. Қалған төрт аяқты көмекшілер аудандық полиция бөлімдерінде қызмет атқаруда.
Ұрлықтың, ауыр қылмыстардың және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтарды ашуды тәжірибелі кинологтар мен олардың арнайы үйретілген иттерінің көмегінсіз елестету қиын. Овчаркалар, спаниельдер, лабрадор – осы жылдың 9 айының өзінде төрт аяқты көмекшілер есірткі қылмысына қарсы қарсы іс-қимыл бағыты 96 рет қолданылды. Қызметтік иттердің қатысуымен 11 факті ашылды, заңсыз айналымнан 9,5 кг астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Ізбен жұмыс істеуде 247 қолданылды, 351 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, иттердің көмегімен 80 рет жарылғыш заттарды іздеу жүргізілді, абырой болғанда, жарылғыш заттар туралы ақпараттың бірде-біреуі расталмады. Бұл сандардың астында-күнделікті қажырлы еңбек, төрт аяқты үй жануарларын күнделікті үйрету сеанстары, олармен сабақтар, қамқорлық, соның ішінде демалыс күндері де атқарылатын жұмыстар жатыр. Тәжірибелі кинологтардың арасында кездейсоқ адамдар жоқ, бұл мамандықта «уақытты зая өткізуге» болмайды.
«Біздің Кинологиялық қызмет орталығында 13 қызметкер бар. 9 қызметкер қызметтік-іздестіру иттерімен етене жұмыс істейді. Штатта ветеринарлық дәрігер, иттерді үйретушілер бар. Қызметкерлер иттердің ұтымды пайдаланылуын қадағалайды. Жедел-тергеу топтарының құрамында қылмыс болған орындарға шығып тұрады. Із кесуші иттердің ауылды жерде болатын қылмыстарды «ізін суытпай» ашудағы тиімділігіне байланысты 2013 жылдан бері инспектор-кинолог лауазымдары енгзілді. Кинолог мамандар алғашқы дайындықты біздің орталықта, келешекте әр қызметкер өз бағыттары бойынша Алматы қаласындағы Кинологиялық орталықта өтеді. Ол жерде куәліктер, сертификаттар алады. Бұдан соң қызметкерлер өздерінің алған білімдерін тәжірибе барысында шыңдайды», - дейді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы, полиция майоры Самат Төлебаев.
Солтүстікқазақстандық Кинологиялық қызмет орталығының кәсіби ортасын қалыптастыру Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдарына тұспа-тұс келді. Соңғы отыз жылда материалдық база айтарлықтай нығайтылды, кәсіби дәстүрлер қалыптасты, өзіндік бірегей әдістер дамытылды. Одорологиялық зертханада, жаттықтыру алаңындағы жаттығулар, сондай-ақ қылмыс орын алған жерлерге шығу барысындағы тұрақты практика – бұның бәрі қызметке қажетті тәжірибені жинақтайды. 2008 жылдың аяғында орталықтың штатында тек 3 қызметкер және 6 іздеу иті ғана болған-ды. Қазіргі таңда Орталық барлық бөлшектер мұқият ойластырылған, өз алдына автономды база болып табылады. Жеке автопарк, әкімшілік-тұрмыстық кешен, ветеринарлық блок, қажетті жабдықтары бар жаттықтыру алаңы, вольерлері бар павильондар, иттерге арналған күшіктеу бөлмесі де бар, жалпы жануарларға барлық жағдай жасалған.
2008 жылғы тамызда, атап айтқанда, Қазақстанда солтүстікқазақстандық КҚО базасында аустриялық кинологтар әзірлеген және сынақтан өткізген әдістеме бойынша қызметтік маман-кинологтар мен арнайы иттерді оқыту жөніндегі алғашқы республикалық семинар-тренинг өтті. Семинарды Аустрияның кинологиялық қызметі бастығы полковник Йозеф Шутценхоффер жүргізді. Бүгінгі таңда, Алматы қаласының Кинологиялық орталығы базасында міндетті оқудан өтіп, ізашарлар мен тәлімгерлердің тәжірибесін жетілдіре отыра, солтүстікқазақстандық кинологтар тәулік бойы есірткіге қарсы күресушілермен, криминалдық полицияның жедел уәкілдерімен, кезекші бөлімдермен және басқа да қызметтермен егеменді еліміздің әр тұрғынының игілігі үшін қылмыстың алдын алу мен ашуға қомақты үлестерін қоса етене жұмыс атқаруда.