СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы хабарлайды

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы хабарлайды

Жедел жағдайды жақсарту мақсатында солтүстікқазақстандық полицейлермен облыс аумағында екі апта бойы профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді. Көші-қон заңнамасының орындалуына ерекше назар аударылды, аталған жұмыс аясында шетелдіктермен ҚР заңнамасын бұзудың 144 фактісі анықталды. Сонымен қатар, тұрғылықты жерлері бойынша есепте тұрған тұлғалар тексерілді. Күнделікті тексерістер барысында М.Жұмабаев ауданында заңсыз қару сақтау фактісі анықталды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкері қарумен орманға бара жатқан ауылдықты тоқтатқан. Тексеріс оның азаматтық атыс қаруын сақтауға рұқсаты болмағанын анықтады. Қос ұңғылы ИЖ-54 маркалы мылтығы, сондай-ақ 12 колибрлі екі патрон алынды. 32 жасар ауылдық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған адам жауапкершіліктен босатылатындығын ескертеді.