
Заңсыз аң аулау мен балық аулау, ағаш кесу – Полиция департаментінің қызметкерлері дәстүрлі онлайн-стримингті табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды алдын алуға арнады. Полицейлер экологиялық құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік жайлы сөз қозғап, ведомствоаралық ынтымақтастық пен жұмыстағы басымдылықтар туралы айтты.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы полиция капитаны Әлішер Жармағамбетов облыста жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасында 705 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын айтты. Оның 421-і аң аулау, 284-і балық аулау ережесін бұзу болып табылады. Заңсыз ағаш кесу бойынша 9 әкімшілік материал әкімшілік соттарға жіберілді. Экологиялық қылмыс фактілері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды, оның 10-ы - заңсыз аң аулау фактілері болып отыр. Қоршаған ортаны, аңдар мен орман алқаптарын сақтау - жергілікті полиция қызметінің міндеттерінің бірі. Бұл бағытта полицейлер орман және жануарлар әлемімен айналысатын мамандармен, сондай-ақ басқа да мүдделі органдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Онлайн-диалог жайлы хабарландыру Солтүстік Қазақстан полициясының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында алдын ала жарияланды. Стриминг барысында желі қолланушыларын жалға алынған су қоймаларында балық аулау тәртібі, сирек кездесетін шаянтәрізді Artemia salina-ны заңсыз аулау үшін қандай жауапкершілік көзделгендігі, сондай-ақ қай ауданда еліктерді, маралдарды және қабандарды заңсыз аулау фактілері жиі тіркелгендігі қызықтырды. Өз құзыреті шеңберінде полицейлер әр сұраққа жауап берді. Браконьерлік фактілер аймаққа байланысты емес, жабайы жануарлардың қоныс аудару жылдамдығына байланысты екендігі баса айтылды.
«СҚО Полиция департаменті сервистік полиция моделіне көшу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Егер азаматтарда табиғатты қорғау полициясы желісі, сондай-ақ жануарлар әлемін, орман алқабын пайдалану бойынша сұрақтар туындаса, әрбір азамат аумақтық ішкі істер органдарына, полиция бөлімдеріне хабарласа алады, онда жануарлар, орман және су әлемін пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамаға сүйене отыра, оларға нақты түсіндіріліп, жауап беріледі», - деп атап өтті желі қолданушылармен жүргізілген әңгіме соңында Әлішер Жармағамбетов.
Солтүстікқазақстандық полицейлер Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-стримингтерді жиі өткізіп тұрады. Кезекті онлайн-диалог балалардың жол-көлік жарақатын алдын алуға және маусым арасындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнауды жоспарлап отыр.