Полицейлер Петропавл тұрғынынан марихуана мен өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған құрылғыларды тәркіледі

Полицейлер Петропавл тұрғынынан марихуана мен өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған құрылғыларды тәркіледі

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс істеуде. Қазан айының басында Петропавлда жедел уәкілдер 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның пәтерінен өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған құрылғылар мен салмағы 1 килограмдай болатын марихуана бұтасы тәркіленген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Күдіктінің сөзінше, марихуананы өзі пайдалану үшін өсірген, - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзиди. Жыл басынан облыста 173 есірткі қылмысы тіркелді, оның 40 фактісі – сату, 15-і – аса ірі көлемде сақтау, 4-і – құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп-өсіру. Заңсыз айналымнан 409 кг-дан астам есірткі алынды, оның 4 кг.190 гр. гашиш және 4 кг. 299 гр. синтетикалық есірткі.