
СҚО Полиция департаменті құрамындағы Әкімшілік полиция басқармасы Instagram желісінде ресми аккаунт ашты. Бұл туралы полицейлер ай сайынғы «Жолда қабылдау» акциясы барысында тұрғындарды хабардар етті.
СҚО полицейлері екі күн бойы республикалық акция барысында азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, учаскелік инспекторлардың жұмысы, көші-қон, қару айналымын бақылау – «Жолда қабылдау» акциясының екі күнінде 300-ге тарта сұрақ келіп түсті. Сауалдардың негізгі бөлігі тікелей эфир барысында қойылды. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін сall-орталық пен танымл мессенджерде «қауырт желіні» жұмыс істеді.
СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжановтың айтуынша, онлайн қарым-қатынас полицияның құзыретіне кіретін сұрақтарға уақтылы жауап беруге, өзекті проблемаларға қатысты азаматтардың пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді. Әкімшілік полиция басқармасының басшылығы осы жұмысты жетілдіру үшін танымал Instagram желісінде ресми аккаунт ашты. Бұл бастама «Қол жетімді полиция» қағидатын орындау, полиция жұмысының сервистік моделі шеңберінде іске асырылып отыр. Аккаунттың лентасында маңызды хабарландырулар, байланыс мәліметтері, профилактикалық материалдар жарияланып тұрады. Тұрғындардың хабарламалары direct бөлімі арқылы қабылдануда. Басқарма осындай аккаунтты алдағы уақытта Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде де ашуды жоспарлап отыр.
Биыл СҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясы шеңберінде желі қолданушыларының түрлі мазмұндағы 2 мыңнан астам сұрақтарына жауап беріп, полицияның араласуы қажет болғанына тиісті шаралар қабылдады.