СҚО-да полицейлер қыздан 33 түйіншек синтетикалық есірткі тәркіледі

СҚО-да полицейлер қыздан 33 түйіншек синтетикалық есірткі тәркіледі

СҚО-да полицейлер мақсатты бағытталған жедел іс-шаралардың барысында есірткі қылмысына күдікті Петропавлдың 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ұстау кезінде одан кристалл тәрізді зат салынған 33 полимер түйіншек тәркіленді. Сараптама жалпы салмағы 15,3 гр. «тұз» деген атпен белгілі «альфа-PvP» синтетикалық есірткі екендігін растады. Қала тұрғыны аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Күдіктіге қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Айта кететін болсақ, 2019 жылы фигурант қыз үйлердің қабырғаларына интернетте есірткі сататын веб-ресурстардың жарнамаларымен граффити салғаны үшін жауапкершілікке тартылды, — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзиди. — Ол кезде бұл әрекеті әкімшілік заңнамамен сараланып, оның айыппұл төлеуіне тура келген. Бүгінгі күні есірткі ресурстарын жарнамалау қылмыс болып табылады. Сонымен қатар, аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік қарастырылған: 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру».

Синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы іс-қимыл жасау – СҚО ПД ЕҚҚІҚ басқармасының және оның аумақтық бөліністерінің басты міндеттерінің бірі. Жыл басынан облыста «есірткіні жасыру» жолымен есірткі таратуда күдікті 13 адам ұсталды. 4 кг. 287 гр. синтетикалық есірткі алынды. СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 404 кг. астам есірткі құралдары алынды.