
Тренингтер, жеке әңгімелесулер, кеңестер, спорттық іс-шаралар – бұл СҚО ПД инспектор-психологтарының жұмыс барысында қолданатын тиімді құралдары, олардың көмегімен облыс полицейлерінің психологиялық мобильдігін, күйзеліске төзімділіктерін дамытады. Бұл қасиеттер, әсіресе патрульдік полиция батальонының қызметкерлері үшін өте маңызды: олар қызмет өткеру кезінде шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін қалыптан тыс жағдайларға жиі тап болып жатады. Ұжымына бейімделу қажет жас қызметкерлер үшін шағын футбол ойыны ұйымдастырылды.
Спорт алаңында Петропавл қ. ПБ кавалерия бөлімшесінің қызметкерлері мен патрульдік полиция батальонының екі ротасы бақ сынасты. Қатысушылар командалық рухты, ұйымшылдықты, жылдам әрекет етуді және іс-әрекеттерді үйлестірудегі қабілеттерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды кавалерия қызметкерлері иеленсе, екінші, үшінші орындарды ППБ 1-ші және 3-ші роталары бөлісті. Командалар естелік кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
«Спорттық жарыстар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға оң әсерін тигізеді, - дейді ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Руслан Тасимов. - Қызметкерлер біріге жұмыс істеуге үйренеді. Ойын бір-біріне деген сенімдерін арттыра түседі, психологиялық барьерді төмендетеді - жұмыста өзара көмек көрсетулеріне әсер етеді. Сонымен қатар, осындай іс-шаралар командирдің жеке құрам үшін жауапкершілігін күшейтуге көмектеседі».
Жыл басынан инспектор-психологтар 335 жеке кеңес, 250 жеке және 66 топтық сеанстар, экстремалдық жағдайлардағы іс-қимылдарға психологиялық әзірлік бойынша 138 түрлі тренингтер, дәрістер мен әңгімелер өткізді.